Оқу құралында қазақ және жоңғар хандығының әскери-саяси қатынастарына басты назар аударылды. Оқу құралының бірінші тарауында XV–XVIII ғасырлар ортасындағы қазақ мемлекеттілігінің негізгі даму кезеңдері ашылды. Екінші тарауда әскери құрылыс пен қазақ әскерлерін ұйымдастыру, ұрыс қимылдарының тактикасы және оның қару-жарағы қарастырылды, сондай-ақ батырлардың жоңғар шапқыншылығынан азат ету соғысы барысындағы ықпалы көрсетілді.
Осы оқу құралы әскери оқу орындарының тыңдаушыларына, курсанттары мен кадеттеріне, сондай-ақ жоғары әскери оқу орындары әскери кафедрасының студенттеріне арналған. Қазақстанның ортағасырлық әскери тарихын зерделеуде тигізер септігі мол.